Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығы аталып өтті

15.09.2023, 18:50 167

HALYQLINE.KZ

Бүгін өңірімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың 100 жылдығына арналған кешенді шаралар өтті.

Шара 09.30-да облыстық тарихи-өлкетану музейінде «ҚЫРАН ТАҒДЫРЛЫ ТАУ МҮСІН» атты көрмесімен басталды.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында адамгершіліктің асыл қазынасын арқалап, өмірінен ұмытылмас тарих жасап кеткен Қонысбек Қазантаевтың мұралары, қалдырған еңбектері көрмеде қонақтарға таныстырылды.

Одан соң, сағат 11.00-де облыс әкімдігінің ғимаратында «ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН ҚАЙРАТКЕР» атты ғылыми-танымдық конференциямен жалғасты.

Конференцияны облыстық мәслихат төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы жүргізіп, облыс әкіміНәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының конференция қатысушыларына арнайы құттықтауын оқып берді.Конференция барысында аймағымызға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен үзеңгілес інілері баяндама оқып, естеліктерімен бөлісті.

Ұлт қайраткерін ұлықтауға арналған конференцияжұмысынамемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-ғалымдары, аудандық делегациялар,мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, туған-туыстары қатысты.

Сондай-ақ, сағат 13.00-де «Жан-арай» мейрамханасында қайраткердің рухына арналған ас берілді.

Сыр елінің ардақты қайраткер ұлының жақсы да жасампаз істері, өмір жолы, азаматтық бейнесі, іскерлік қабілеті артында қалған өнеге – мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухын көтеріп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы өрелі істерімізді молайтуға қызмет етеді. Қонысбек Төрешұлының артында ұрпағы мен елі үшін мәңгі өшпес өнегелі ізі қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: