Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық хор байқауы өтті

14.05.2025, 12:00 95

HALYQLINE.KZ

Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы аясында «Ана туралы жыр» балалар хор байқауының қалалық кезеңі өтті.

Ана – өмірдің жарығы, күннің сәулесі. Ананың махаббатын, ананың жүрегін, ананың балаға деген сезімін жырламаған ақын, ән етіп салмаған бала жоқ шығар, сірә.

Жас ұрпақтың орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген байқауда оқушылар өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Қазылық құрамындағы Қазанғап колледжінің хор дирижёрлау бірлестігінің оқытушысы Жансерік Әлімжан, Өнер мектебінің хор жетекшісі Гүльану Умарова және вокал жетекшісі Екатерина Ахметовалар қала мектептері бойынша сайысқа қатысқан 20 мектептің өнерін тамашалап, бағалады.

Байқауға қатысқан хор ұжымдарынан І орынмен №140 мектеп (жетекшісі Әрекешова Г), ІІ орынмен №7 мектеп (жетекшісі Орынбетова А), №189 мектеп (жетекшісі Шоникова Г), ІІІ орынмен №3 мектеп гиманзиясы (жетекшісі Дауылбаева Г), №138 мектеп (жетекшісі Салмырзаева Л) марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: