Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Мағауин – сүйікті жазушым

12.01.2026, 18:45 22

Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Мұхтар Мағауин – мен ерекше құрметтейтін жазушы. Оның өміршең көркем шығармалары қазақ халқының тарихын, рухани әлемін және ұлттық болмысын терең танытады. Сондықтан да, Мұхтар Мағауинді сүйікті жазушым деп санаймын.

Жазушының өзіме ерекше әсер қалдырған шығармаларының бірі – Көк мұнар. Бұл туындыда қоғамдағы өзгерістер, адам тағдыры, арман мен өмір шындығы шебер суреттеледі. Роман кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі мен өмірлік ұстанымдары оқырманды ойландырып, адам өміріндегі адалдық пен жауапкершіліктің маңызын сезіндіреді.

Сонымен қатар, Мұхтар Мағауиннің тарихи тақырыптағы шығармалары арқылы халқымыздың өткенін тереңірек тануға болады. Оның еңбектерін оқыған сайын ата-бабаларымыздың ерлігіне, ұлттық құндылықтарға деген құрметім арта түседі. Жазушының тілі бай, көркем әрі әсерлі болғандықтан, шығармалары жеңіл оқылып, ұзақ уақыт есте сақталады.

Мен үшін Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің ғана емес, ұлттық руханиятымыздың да көрнекті тұлғасы. Оның шығармалары әр оқырманды өткенін құрметтеуге, елін сүюге және терең ойлауға жетелейді. Сондықтан оның кітаптары әлі де көптеген жастардың сүйікті шығармаларының қатарында болады деп сенемін.

Әзірге Мағауиннің бірен-саран шығармасымен ғана таныспын. Әлі оқып, көңілге тоқымағаным қаншама… Болашақ журналист ретінде Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын жетік меңгеріп, саф сөзінен нәр алуды міндетім санаймын. Себебі, аталмыш жазушының жазу стилі болашақ журналист боламын деуші жасқа мол азық болары хақ.

Асқарбек ҚАРАСАЙҰЛЫ

Арал аудандық №220 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: