Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Меккеде қажылық басталды

25.05.2026, 11:50 26

Сауд Арабиясында жыл сайынғы қажылық рәсімі ресми түрде басталды. Associated Press мәліметінше, биыл Меккеге шетелден 1,5 млн-нан астам қажы келген. Қажылық аймақтағы саяси шиеленіс пен аптап ыстық жағдайында өтіп жатыр. 

Қажылар Меккедегі Қағбаны тауап етіп, бірнеше күнге созылатын негізгі рәсімдерге кірісті. Көпшілігі күннің ыстығынан қорғану үшін қолшатыр, желдеткіш және су пайдаланып жүр. Еріктілер қажыларға су таратып, салқындатқыш бүріккіштер қолдануда. 

Биылғы қажылық АҚШ пен Иран арасындағы соғыс, Ормуз бұғазының жабылуы және әлемдік энергия нарығындағы тұрақсыздық аясында өтіп жатыр. AP дерегінше, Ормуз бұғазы ашылса, мұнай мен газ тасымалына байланысты жаһандық қысым біршама бәсеңдеуі мүмкін. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: