Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітапхана – руханияттың алтын көпірі

04.06.2026, 9:45 80

Қоғам дамыған сайын ақпарат көзі көбейіп, білім алудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуда. Дегенмен, кітапхана өз маңызын жоғалтқан емес. Керісінше, рухани құндылықтарды дәріптеп, оқырман мәдениетін қалыптастыруда оның рөлі артып келеді.

Бүгінде Қызылорда облысында 209 мемлекеттік кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Солардың ішіндегі Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – өңірдегі іргелі мәдени-рухани орталықтардың бірі. Кітапхана қорында сан алуан әдебиеттер мен ғылыми басылымдар жинақталған. Мұнда оқырмандарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, кітап көрмелері, әдеби кештер, шығармашылық кездесулер және танымдық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың мәдени-рухани өмірін жандандырып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Заманауи талаптарға сай кітапхана электронды ресурстармен және ақпараттық технологиялармен жабдықталған. Бұл оқырмандарға қажетті ақпаратты жедел тауып, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары кітапханаға келушілердің, әсіресе жастардың қатары көбейіп келеді. Бұл кітаптың құндылығы мен оқуға деген қызығушылықтың әлі де жоғары екенін көрсетеді. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап отырған кітапхана білім мен ғылымның, мәдениет пен руханияттың ордасына айналып отыр.

Бүгінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңір тұрғындары үшін тек ақпарат орталығы ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, рухани дамуға жол ашатын маңызды мәдени мекеме саналады.

Нұрайлым Серікбай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

Фото: ашық дереккөзден алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: