Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Киелі мекеннің келбеті жаңаруда

25.06.2026, 10:20 61

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге «Оқшы ата» кесенесінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші саналатын бұл киелі орын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген. Бұл қасиетті мекен Сыр өңірінің рухани-тарихи мұрасының маңызды бөлігі саналады.

Оқшы ата кесенесі – ел тарихының алтын арқауы. Мұнда Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би, Қыш ата секілді ұлы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан.

Қазіргі уақытта кесене аумағында келушілердің жүріп-тұруына қолайлы жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Сонымен қатар, мазарат аумағы толықтай көркейтіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акция аясында көктем мезгілінде кесене аумағында ауқымды көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары белсенді қатысқан болатын.

Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, тарихи-рухани нысандардың тазалығы мен көркіне тұрақты түрде мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: