Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хайямның танылуына жеті жүз жыл керек болды

08.05.2020, 11:30 286 0

HALYQLINE.KZ –| Ақындығынан гөрі ғалымдығы арқылы айдай әлемге танылып үлгерген Омар Хайямның рубаилары арқылы көрінуі бақандай жеті ғасырды қажет етті. ХІХ ғасырда ғана жалпы ғаламға ақын ретінде мәшһүр болған Шығыс шайырының рубаиларының метафизикалық мәні әлі күнге дейін талас тудырып келеді. «Халық этимологиясы» деп аталатын сөздің арғы төркінін бұрмалап әкететін кейін шығарылған жол-жөнеки қисындар шын Ақиқатты тасада қалдырып жататыны бар.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Хайямның ақын ретінде әлемге танылуына жеті жүз жыл керек болды. Хайямды әлемге ақын ретінде ең алғаш таныстырған ағылшын әдебиетшісі Эдвард Фитцджеральд еді. Ол 1859 жылы өз ақшасына «Омар Хайямның рубаяттары» деген жеке кітапша шығарады. Екі жыл бойы таралмай баспа үйінде жатып қалған кітаптың бір-ақ күнде бүкіл данасы сатылып кетеді. Тағы да айтар жайт, ол небәрі 250 дана ғана еді. Кейін Эдвард Фитцджеральд аударған нұсқадағы Омар Хайям рубаиларына сұраныс Англия, Еуропа, Америка елдерінде көп бола бастайды. Фитцджеральдтың көзі тірісінде кітап үш қайтара басылады.

Еділбек ДҮЙСЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: