Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүркіт пен ұлу: қайсысының өмірін таңдайсыз?

21.11.2021, 15:00 482

HALYQLINE.KZ

Мен сіздерге бір әпсана айтып берейін!

Құдай адамды жаратып, «Кім болғың келеді?»,-деп сұрапты. Жас жігіт тәжірибесіз болғандықтан: «Мен білмеймін ғой», – депті.

Құдай оны теңіз жағалауына апарып, су түбінде жатқан ұлуларды көрсетіп: «Егер сен тілесең, су түбінде тіршілік ететін миллиондаған тіршілік иелерінің арасында, тек су ағынымен қоректенетін, кешегің бүгінгіңмен және ертеңгіңмен де бірдей болатын, ешбір қауіп-қатері, өзгерісі де жоқ өмірді сүресің. Жеңіс және жеңіліс деген түсінік мұнда болмайды. Тек ғана төменде қозғалмай жатсаң болғаны, бәрі бір қалыпта өмірде боласың»,-депті.

Содан кейін ол жас жігітті тауларға жетелеп апарып, биік таудың басындағы бүркіттің ұясын көрсетті де: «Егер қаласаң, осында өмір сүруді таңдауыңа болады. Мұнда сен дәл бүркіт сияқты өзің қалаған биікте қалықтап, ең биік шыңға жете аласың, сол шыңда тек өзің сияқты бірнеше адамды ғана кездестіресің. Қайда ұшатыныңды өзің ғана анықтап және шығар биігіңнің құны қанша тұратынын, ешкім де, не нәрсе де, ешқашан тегін табылмайтынын білетін өмірді сүресің. Сен күн сайын қорек табу үшін ұшасың, оған да маңдай теріңді ағызып, қасық қаныңды тамызып жүріп жетесің»,-депті.

Сол заманнан бері әлемде ұлу тіршілігімен өмір сүретін адам өте көп, бірақ бүркіттің өмірін таңдаған аз адам ғана пайда болыпты-мыс.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: