Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Би симфониясы: шабыт пен шеберлік кеші

30.04.2026, 9:10 30

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында 29 сәуір – Халықаралық би күніне арналған «AI-ARU» заманауи би ансамблінің дебюттік шығармашылық кеші өтті. Бірнеше би жанрын тоғыстырған өнер кешінде жас ансамбль репертуарындағы 10-нан аса жаңа қойылымын көрермен назарына ұсынды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Замира Стыкбаева. Репетиторлары – Талғат Байкенов, Абай Маханбетжанов.

Қазақ хореографиясы мен заманауи би мүмкіндіктерін паш еткен шабытқа толы кеште «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мақсат Мақұлбеков, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Гаухар Бисекенова, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі (Көркемдік жетекшісі – Әбдіхалық Мұстафаев), ішекті аспаптар квартеті (Жетекшісі – Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Евгений Музыкант), «Арайлы» би ансамблі (Көркемдік жетекшісі – Ақмарал Қойшығұлова) жәні «Алекс» би мектебінің шәкірттері өнер көрсетіп, би өнерінің барша жанкүйеріне керемет көңіл күй сыйлады. Арнайы Арқа төсінен келген жас талант, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Аққанат Смағұлова өзінің нәзік те қайсар қимылға толы көркем биімен көремен жүрегінен жол тауып, ерекше құрмет-қошеметке бөленді.

Жас ансамбль Руханият жылы аясында аймақ басшысының қолдауымен құрылып, бүгінгі күнге дейін республика деңгейіндегі концерттерде, салтанатты іс-шараларда өнер көрсетіп жүр. Түркістан қаласында өткен «TuranDance» би байқауында дипломат атанып, алғашқы жүлдесін де қанжығаға байлап үлгерді. Алдағы уақытта да өнер ұжымы өз көрермендерін жоғары деңгейдегі би қойылымдарымен қуанта бермек.

Концерт режиссері – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гафур Абитов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: