Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бердібек Соқпақбаев өз кітабында ашаршылықты қалай сипаттады?

10.10.2021, 15:00 1677

HALYQLINE.KZ Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабы зұлмат жылдардан елес беріп өтеді. Сол кездегі жүйе бұған түбегейлі қарсы еді. Баспа бетін көрген кітап сүзгілеуден өтіп, артық деген жерлерін жариялатпай тастайтын. Жазушының көмескіленген шындықты ашып көрсетпегенімен, астарында адамды ойландыратын үлкен ой жатыр.

Ендеше оқып көрейік!

***
Жер-суға сыймай жататын малдан бұл кезде тамтық қалмаған…
Қазекең мал бағудың ғасырлар бойғы азабынан «құтылған».
Мал жоқ болған соң, енді әлгі аталғанның бәрі жоқ.
Жеуге тамақ болмағаннан өткен аянышты не хал бар екен?

***
Егер бар болып, қарынға тамақ салып алса, жан сақтаудың бұл да – таптырмайтын тәсілі. Ал жоқ болса, уақасы жоқ. Адам тамақ ішпей де өмір сүре алатынын біз тәжірибеде көріп жүрген жандармыз.

***
Үйде түк болмай қалған күнде де шешем мені аштан өлтірмейді, әйтеуір бірдеңе тауып, өз аузына салмастан, менің аузыма тосады.

***
Мектептен қайтқанда аштықтан көзім қарауытып, бұралып, үйге зорға жетем.

Осы күнгі балаларша:

– Апа, қарным ашты, тамақ бер, – деп есіктен дабыра салып кірмеймін. Ол сөздің әрі пайдасыз, әрі артық екенін білем.

***
– Мына айнаны Майраң бетін көріп жүрсін деп әдейі әкелдім. Үйде бір түйір дән қалмады. Бір кішкене үн бер, балама күлше пісіріп берейін, – деді шешем.

Майра бұл сөздің бәрін де естіп тұрды.

Мен білген едім осылай боларын. Келгім келмегені сондықтан еді. Кірмегенім қара жер, әзер тұрмын. Телміріп қайыр сұрағаннан біздің бұл хәліміздің несі артық?

***
Ауылдағы барлық үйде бүгін осы хал – аш елді бір-ақ түнде аспаннан ақ май жауып басқан да қалған. Тәңірінің құдіретімен болған уақиға емес, Жантай мен Боқшабайдың арқасы еді. Екі көкжал қарындары қабысқан аштыққа ақыры шыдамаған. Тәуекел деп, баяғыда талай жортқан іздерімен аттанған. Сапар сәтті боп, бір үйір жылқы айдап келген. Батырбай түбіндегі жаман тамдарға қамап, әлгінің бірін қалдырмастан, қан жоса етіп сойған да, аштықтан нені жұтарға білмей отырған елге:

– Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны. Мә, жеңдер! – деп таратып берген

Дайындаған: Нұрсұлтан Серікбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: