Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бауыржан Момышұлы: «Мен Мағжанды көрдім…»

23.05.2021, 11:00 2568

HALYQLINE.KZ 1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкүм!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып ғана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей отыра берді.

«Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде: – Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым.

Ол сәл жібіп: – Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де: – Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, – дедім.

Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғанын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: