Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақындар деген екен…

24.10.2020, 16:00 1259

Ақшаң жоқ болса, күлме

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзіне жақын, жақсы көретін бір інісіне:

– Айналайын-ау, тістерің қатты қисық екен. Өзің бір көңілді, күлекеш баласың. Күлген кезіңде тіпті жаман болып көрінеді екен. Осыны бір жөндетсеңші, – депті.

Сонда әлгі інісі ағасына еркелей:

– Ой, Балғын аға, осы тісті жөндеткім-ақ келеді. Алайда оған ақша жоқ, – депті көңілдене. Сонда Балғынбек:

– Ақшаң жоқ болса, күлме, – деген екен.


Ішінен жауып көрмеппін

Айтыс ақыны Нұрлан Мұсаев бір танысының жап-жаңа көлігіне отырып жатып есігін қатты жауып қалады. Сонда көлік егесі ренжіп:

– Жай жапсаңызшы, немене үйіңізде мұздатқыштың есігін жауып көрген жоқсыз ба? – депті. Әзілге жақын Нұрлан салған жерден:

– Жауып жүрмін ғой. Бірақ, ішінен жауып көрмеппін, – деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: