Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлмәмбет Әлішевтің әлемі

28.08.2020, 17:00 645

HALYQLINE.KZ  Бүгін Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінен қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Әлмәмбет Әлішевке арналған бұрыш ашылды.

Шараға арнайы келген қонақтарға музейдің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл Ә.Әлішевтің еткен еңбектері мен шығармаларынан ұйымдастырылған көрмемен таныстырды. Сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі экспозия туралы да жан-жақты мәліметтер айтылды.

Өскелең ұрпақ үшін маңызы зор шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев елі үшін еңбек еткен Әлмәмбет Әлішев атындағы арнайы бұрыштың ашылу салтанатымен құттықтады.

– Әлмәмбет Әлішев – жазушы, журналист ретінде еліміздің экономикасы мен мәдени-рухани саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан қаламгер. Әсіресе, Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық апаттың зардаптары жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, баспасөз беттерінде жанайқайын жеткізді. Халыққа әскери-патриоттық тәрбие беруге де қомақты үлес қосты. Қазалы жерінде туып, Латвия Республикасында теңдесі жоқ ерлік жасап, мерт болған Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевты танытқан тұлға, – деген Мұрат Нәлхожаұлы осындай еселі еңбегінің арқасында Ә.Әлішев Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы атанғанын жеткізді.

Арнайы бұрыштың ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен қарымды қаламгердің қызы Бақытгүл Әлішева сөз сөйлеп, өскелең ұрпақ осы жерден елдің қуанышы мен қайғысында әрқашан бірге болып, халықтың жанынан табыла білген біртуар тұлға жайлы мәліметтер таба алатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: