Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда тұрғындарының 65%-ы табиғи газға қосылды

09.06.2021, 13:15 482

HALYQLINE.KZ Биыл Жосалы және Жалағаш кенттеріндегі газдандыру жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов және Ш.Қодаманов ауыл тұрғындары табиғи газға қол жеткізетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

– Биыл республикалық бюджеттің бірінші нақтылану барысында Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Ж.Махамбетов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Жобаны толығымен аяқтау мақсатында 2022 жылға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда газбен жабдықтауға 8 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленуде, – деді Ерлан Жаңабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: