Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Тағы екі бала суға кетті

02.06.2021, 14:45 417

HALYQLINE.KZ  Қызылордада суға шомылмақ болған тағы екі баланың денесі табылды. Оқиға кеше, 1 маусым күні тіркелді.

«112 құтқару қызметіне хабарлама түсте түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары жетті. Сол жерде болған куәгер балықшы екі баланың бірін судан алып шыққан соң құтқару қызметіне хабар берген. Алайда өміріне араша түсе алмаған. Ұл баланың Тасбөгет кентінің 2008 жылғы тұрғыны екені анықталды», – деп мәлім етті облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Суға бірге шомылуға барған екінші баланы құтқарушылар тек түн жарымында іздеп тапты. Өкініштісі, ол да қаза болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: