Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құтқарушылардың оқу-жаттығуы өтті

22.10.2021, 15:45 207

HALYQLINE.KZ «Қызылорда еріктілері» құтқарушылармен бірге алғаш рет табиғи ортадағы құтқару операцияларын жүргізу бойынша шеберліктен өтті. Мұндағы басты мақсат – облыс аумағындағы іздестіру жұмыстарының қыр-сырын меңгеріп, зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Бүгінгі оқу-жаттығу барысында Құтқарушылар еріктілерге тәжірибе жинақтау үшін далалық жерде бір топ адамның жоғалғаны туралы тактикалық оймен арнайы іздестіру жүргізді. Санаулы сағаттар ішінде кинологиялық топтың көмегімен зардап шеккен адамдарды тауып оң нәтижемен аяқталды.

Шара соңында еріктілердің іс-әрекеті өзара бағаланып қажет жерде ескертулер де берілді. Сонымен қатар, оқу жаттығудың екінші кезеңінде зардап шеккен азаматтардлы құтқару үшін аспалы жіппен су үстінен құтқару сынды шеберліктерде көрсетілді. Аталған шараға 3 кинологиялық топ және 6 құтқарушы кәсіби біліктіліктерін еріктілермен бөлісіп, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге шақырды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық

құтқару жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: