Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

QURBAN2022: Қызылорда облысында 58 тоннадай құрбан еті таратылды

12.07.2022, 8:50 370

HALYQLINE.KZ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен онлайн және офлайн өткен биылғы құрбан шалу рәсімі Сыр өңірінде жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айт күндері атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 1555 қой, 109 ешкі, 139 ірі қара, 2 түйе құрбандыққа шалынып, 7262 отбасы мен қарттар үйі, аурухана, балалар үйі және т.б. 18 мекемеге 57 тонна 821 келі құрбан еті үлестірілді.

«QURBAN 2022» жобасы аясында қашықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуына Қызылорда облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, 300-ден астам ерікті жамағат үлес қосып, 200-ге жуық автокөлік жұмылдырылды. Жалпы, аймақта қасапханалар мен мешіт аулаларын қоса алғанда 83 жерде құрбан шалынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: