Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрбан шалуға тапсырыс беретін сайт ашылады

17.07.2020, 17:50 726

HALYQLINE.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады. Биыл 31 шілде, яғни коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған карантин уақытында болатын мұсылмандардың ұлық мерекесінің басты рәмізі – құрбандықты онлайн шалуға болады деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.

Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды.

Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: