Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан билігі Украинаға ұшуға тыйым салды

28.02.2022, 10:05 340

HALYQLINE.KZ Қазақстандағы әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынды. Республиканың азаттық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Украина аумағында ұшу азаматтық авиация үшін өте қауіпті екені ескеріліп, отандық әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды», – делінген комитет мәлімдемесінде.

Мәліметтерге қарағанда, Алматы – Киев («Эйр Астана» әуе компаниясы, аптасына үш рет), Нұр-Сұлтан – Киев («Эйр Астана», аптасына бір рет) рейстері ұшпайтын болды.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Киевқа қатынайтын рейстердің бәрі 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтағанын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: