Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қатты желде су ортасында қалған екі адам құтқарылды

30.08.2026, 11:05 21

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды. Оқиға Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы Каменское су қоймасында болған. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су қоймасы маңында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел қайықпен суға шыққан. Желдің күрт күшеюінен олар өздігінен жағалауға қайта алмаған. 

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар екі азаматты да жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: