Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.07.2021, 12:00 279

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елiмiз егемендiк алғалы рухани құндылықтар қайта жаңғырып, дәстүрлі дiннің өнегелi жолы дәріптелуде. Құрбан айт – сауапты істер жасайтын, құлшылық ететін қасиетті күндер ғана емес, ол адамдар арасында бауырмалдық орнатып, өзара достыққа, ынтымақтастыққа, сүйіспеншілікке шақыратын мереке.

Адалдық пен таза көңiлде имандылыққа бет бұрған болмысымыз бүгiнде ұлттық ұлағатқа ұласты. Үлкендi құрметтеу, кішіге iзет көрсету секiлдi сыйластық арта түстi. Өткеннiң өнегесiн ұмытпай, тiрiге үлгi ету, аруақты қадiрлеу әрбiр мұсылманның басты парызына айналды. Бұл бiздiң адамгершiлiк рухымыздың айбынды бейнесi.

Қадірлі ағайын!

Адамзатты адамгершілік пен мейірімділікке, ізгі қасиеттерге үндейтін Ислам діні біздің қоғамда аса маңызды рөлге ие.

Осы ретте, мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі – Құрбан айт елдің береке-бірлігін бекемдеп, халықты қанағат пен қайырымдылыққа шақыруда өлшеусіз үлес қосып келеді.

Шүкіршілік пен тәубаға шақырып, ұлысты ұйыстыратын ұлағатты мерекеде әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін.

Әрқашан тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын!

Құрбан айт мүбарак болсын!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Ғ.ҚАЗАНТЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: