Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пойыздан бомба табылды

05.10.2020, 12:10 619

HALYQLINE.KZ Қорапқа салынған жарылғышты еден сыпырушы тауып алған. Поезд осы кезде депода тұрған. Тергеушілер лаңкестік әрекет ұйымдастырылмақ болуы мүмкін деп отыр. Оқиға орынына келген мина тазалаушылар бомбаны залалсыздандырып, полиция 30 пойызды тексеріп шықты. Бірақ мамандар бомбаны зерттей келе оның аса қауіпті болмағанын айтады. Себебі жарылғыш іске қосылса да жарылмас еді дейді.

Дегенмен, қазір полиция бейнебақылау камераларын тексеріп, қаскүнемді ісдестіріп жатыр.

– Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Жәшікке бомбаны кім және қандай мақсатпен жасырғанын анықтау үшін. Тергеуді Кельн қаласының криминалды полициясы мен мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы бірігіп жүргізуде, – дейді Кельн полициясының өкілі Томас Хельд.

Оқиға Германияның Кельн қаласында тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: