Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі «Орталық бейітке» барды

04.01.2024, 9:05 218

HALYQLINE.KZ

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен күрделі жөндеуден өткен «Орталық бейітке» барып, жай-күйімен танысты. Жөндеу жұмыстарын көріп, Құран бағыштады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орталық бейітке» күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды. Аумағын абаттандыру, көгалдандырудан бөлек, жол салынды. Оған 110 млн теңге қаржы жұмсалды.

Еске салсақ, өткен жылы Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту ретінде жергілікті кәсіпкерлер Қорқыт ата ескерткіш-кешенін, Хорасан ата кесенесін қайта жаңғыртып, айналасын абаттандырды. Алдағы уақытта Оқшы ата кешені басында да осындай жұмыстар жүргізіліп, Марал баба кесенесіне 7 шақырымға жуық жол салынбақ.

Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесін абаттандыруға демеушілер 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Кесене XIV ғасырда салынған, 2005 жылдан бері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: