Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026, 12:10 54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Президент Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізіп, бүгінгі сайлаудың маңызына тоқталды.

— Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз — Ақорда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: