Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медициналық көмек көрсетіп келеміз

24.01.2020, 12:48 972

Өңірде болған төтенше жағдайлар кезінде халық үшін қашанда қол ұшын беруге әзір апаттар медициналық орталығы 2007 жылы өз қызметін бастады. Шұғыл медициналық көмек көрсету, сапалы және жедел көрсету үшін білікті дәрігерлер жұмылдырылған.

Тарихқа көз жүгіртсек, осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Республикалық экстремалдық және медициналық биологиялық мәселелердің ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылған болатын, оның атауы 1997 жылы «Апаттар медицинасы орталығы» болып өзгертілді.

«Апаттар медицинасы орталығының» мақсаты табиғи және техногенді төтенше жайғдайлар аумағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын жасау арқылы адам өлімін азайту болса, бұл тұрғыда атқарылған тірліктер толассыз. Жол-көлік оқиғалары мен авариялық құтқару кезінде медициналық көмек көрсету мен психологиялық сұрыптау жасау да – басты жұмысымыз.

Жұмыс уақытында…

Мәселен, 2016-2019 жылдары филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы 300-ден аса шақыртуларға, 400-ден аса адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ауруханаларға жедел жеткізілді.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бері филиалда психолог маман жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету және оны ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарларын жоюға қатысатын апаттан құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби ілестіру міндеттерін мүлтіксіз атқарды. Сөзіміздің дәлелі ретінде төтенше жағдайларға 150 шығуды іске асырған психолог маманымыз 250 азаматқа, оның ішінде 55 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсеткен. Тіпті, филиал қызметкерлеріне психодиагностикалық және психофизиологиялық тексерулер, тренингтер мен жеке психологиялық консультациялар өткізу бойынша жұмысты белсенді жүргізуде.

Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басымды бағыттарының бірі – жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Мемлекеттік бағдарламаның дамуы аясында Облыс бойынша 3 (үш) трассалық медициналық құтқару пункті (ТМҚП) құрылды. «Шиелі» күре жолдық медициналық құтқару бекеті Шиелі ауданы, Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тасжолының 1913 шақырымында) орналасқан. «Жосалы» күре жолдық медициналық құтқару бекеті Қармақшы ауданы, Иіркөл елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тасжолының 1662 шақырымында) орналасқан. «Әйтеке би» күре жолдық медициналық құтқару бекеті Қазалы ауданы, Әйтеке би елді мекенінің тұсында (Шымкент-Самара тасжолының 1472 шақырымында) орналасқан. Бекеттер вахталық ауысыммен жұмыс істейді. Заманауи құрал жабдықтармен және реанимобиль автокөлігімен қамтымасыз етілген. Бригадалар медициналық құтқару реанимобилінде оқиға орнына шығуларды іске асыра отырып, күре жолдық пунктінің «жауапты аумағында» тәулік бойы жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмекке өздері жүгініп келген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.

Біздің жетістіктеріміздің бірі – бригадалар медициналық құтқару реанимобилінде оқиға орнына шығуларды іске асыра отырып, күре жолдық пунктінің «жауапты аумағында» тәулік бойы жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп ғана қоймай медициналық көмекке өздері жүгініп келген азаматтарға қол ұшын беруге сақадай сай.

Мәселен, 2016-2019 жылдарының аралығында трассалық пункттердің бригадалары жол-көлік оқиғаларына 550-ден аса шығуды іске асырды, 1000-нан аса зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 400-ден адам аурханаға жеткізілді. ТМҚП-не тегін медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 300-ден астам өтініші тіркелді.

Трассалық пункттердің жауапты аумағында өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі – трассалық медициналық құтқару пункттері қызметінің тиімділік көрсеткіші.

Бүгінгі күні Апаттар медицинасы қызметі – өзіне тән қызметтік объектісі және жұмыс әдістемесі бар, еліміздің денсаулық сақтау саласының жеке саласы ретінде өзін танытты.

А.Мирамбекова,

«Апаттар медицинасы орталығы»

ММ Қызылорда облысы бойынша

филиалының фельдшері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: