Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Halyqline.kz.
Тергеу барысында оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Қажетті құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды.
Қызметіне салғырт қарады деген күдікпен бірқатар лауазымды тұлға анықталған. Тергеу дерегінше, олар метеорологиялық жағдайды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті бақылау мен шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырмаған. Сондай-ақ құтқару жұмыстарының тиісінше жүргізілмеуі адам өліміне әкеп соққаны тексеріліп жатыр.
Тергеу барысында барлық күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңда көзделген процестік шаралар қабылданады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!