Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыр мұраны құндақтаған Қармақшы

04.05.2024, 9:45 144


Кеше Жыраулар үйінде Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұстаздары мен жас шәкірттерінің қатысуымен «ЖЫР МҰРАНЫ ҚҰНДАҚТАҒАН – ҚАРМАҚШЫ» атты концерті өтті.

Алдымен кеш қонақтарына Жыраулар үйінің бағыт-бағдары мен алдағы жоспары таныстырылды.

Жыр кешінде жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Берік Саймағамбетов сөз сөйлеп, жас шәкірттерге сәттілік тіледі.
Жыраулар үйінің жетекшісі А.Қуандықұлы К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйіне Облыстық филармония басшысы Т.Мақаштың Алғыс хатын табыстады.

Кеште К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұстаздары Сыр бойы мақам-саз, өнегелі жырын келешек ұрпаққа аманаттау мақсатында атқарып жатқан сүбелі еңбектерін көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: