Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Димаш Құдайберген америкалық компаниямен келісімшарт жасасты

20.06.2020, 21:10 269 0

Димаш Құдайберген IPZ америкалық компаниясымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы әнші Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

«Нью-Джерси Уоррен, 2020 жылғы 1 маусым. 26 жастағы қазақ әншісі, композитор және мультипалист Димаш Құдайберген IPZ-мен келісімшартқа қол қойды. Димаш – Америка құрама штаттарында енді танылып келе жатқан талантты орындаушы. Оның табысты мансабын кеңейтудің үлкен мүмкіндіктері бар және ол ізбасарларымен байланыс орнатуға ұмтылатын әлемдік брендтер үшін актив бола алады, – дейді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

Айта кетейік, IPZ «International Player» және «Zito Partners» дегенді білдіреді. Ол АҚШ-та орналасқан. Компания 18 маусымнан бастап әнші Димаш Құдайбергенмен келісімге келгенін жариялады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: