Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын – елдің ардағы

20.12.2023, 15:20 123

Бүгін «Анаға тағзым» орталығында Сыр елі айтыс ақындарының басқосу жиыны өтті. Жиында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» Халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Нұрмат Мансұр филиалдың жыл көлемінде атқарған жұмыстарына тоқталды.

Басқосуда басқарма басшысы М.Қазбекова сөз сөйлеп, айтыс өнерінің өркендеуіне, Сыр мәдениетінің дамуына үлес қосқан ардагер ақындар мен биылғы жылы Сыр бойы айтыс мектебінің даңқын көтеріп, айтулы жетістіктерге жеткен, елімізге танымал жергілікті айтыскер ақындарға аймақ басшысының және басқарманың Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, бірқатар айтыскер ақындарымыз Халықаралық одақтың мүшелігіне қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: