Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтын жалатылған домбыра – Айтбайда

14.04.2023, 17:45 650

HALYQLINE.KZ

Бүгін Н.Бекежанов атындағы театрда мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің аса дарынды өкілі Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Жыр додасына республиканың барлық өңірлері мен облысымыздан қатысқан ақындар Т.Жүргеновтің ғұмыр жолын жырға қосты.

Мүшәйраны облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов ашып беріп, жас ақындарға жеңісті жол тіледі. Мүшәйраға Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған арнайы қонақтар қатысты.

Мүшәйра қорытыныдысымен бас жүлдені қызылордалық ақын Мөлдір Айтбай, жүлделі І орынды Ғалымхан Марлен (Орал), ІІ орынды Динара Төлеутай (Абай облысы), ІІІ орынды Түменбай Ақжол, Айдар Сайлауов (Қызылорда), Тілеухан Дәурен (Ақтөбе) жеңіп алса, Т.Жүргенов атындағы арнайы жүлде Әлібек Азаматқа (Түркістан), ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы атынан Ахмет Байтұрсынұлының медалі Нұржан Байтусовқа (Абай облысы) табысталды.

Сонымен қатар, бас жүлде иегері Мөлдір Айтбайға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы С.Раев алтын жалатылған домбыраны тарту етті.

Мүшәйрада ақындардың өнерін филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсат, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері Шәкизада Әбдікәрімов, Дүйсенбек Аяшұлы және «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері Қалқаман Сарин бағалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: