Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

11.05.2026, 1:52 27

Алматы қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын 12 мамыр күні түске дейін жалғасады.

Нөсер жаңбыр, найзағай және қатты желге байланысты қалада коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қаладағы ықтимал су басу жағдайларының алдын алу және салдарын жедел жою мақсатында коммуналдық мекемелер мен мердігер ұйымдардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда кезекшілікке 104 арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 ассенизаторлық көлік, 75 жедел бригада және 425 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Сонымен қатар 2300 құм салынған қап дайындалған, – деп жазылған ресми мәліметте.

Қосымша жұмыстарға Алматы қаласының құтқару қызметі мен ТЖД күштері тартылды.

Жалпы қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылған.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда жаңбыр, найзағай болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы жағдайын ескеру ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: