Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық Кеңесінің құрамы бекітілді: тізімде Қызылордадан үш өкіл бар

22.09.2026, 14:15 57

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті. Мемлекет басшысы 22 қыркүйекте №1474 Жарлыққа қол қойды. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді. 

Жаңа Кеңестің құрамына барлығы 126 адам кірген. Тізімде мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіподақ, бизнес, білім, ғылым, медицина, медиа, спорт және этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар. 

Қызылорда облысынан Халық Кеңесіне үш адам енді. Олар — «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы директорының міндетін атқарушы Жанар Бимұратқызы, Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Мейрамбек Жұмашев және Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Имамзада Шағыртаев. 

Кеңес құрамында қоғам қайраткері Ермұрат Бапи, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» президенті Рауан Кенжеханұлы, «Қазақстанның Медиа Альянсы» жетекшісі Нұртөре Жүсіп, «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин және бірқатар қоғам, ғылым мен мәдениет өкілдері де бар. 

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 5-бабына сәйкес бекітілді. 

Халық Кеңесінің толық құрамы:

  1. Раушан Аймұрзаева — Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты.
  2. Гаухар Акижанова — Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  3. Жандос Ақтаев — «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы.
  4. Алмас Алтай — журналист, «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
  5. Бекзат Алтынбеков — Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
  6. Андрей Антоненко — дипломатиялық қызмет ардагері.
  7. Николай Арсютин — қоғам қайраткері.
  8. Латипша Асанов — «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы.
  9. Бақыт Атайбеков — «Герефорд тұқымының республикалық палатасы» кеңесінің төрағасы.
  10. Нұрбек Әбдібеков — Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  11. Мұрат Әбенов — «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
  12. Еркін Әбіл — Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары.
  13. Марат Әзілханов — қоғам қайраткері.
  14. Аманжол Әлтай — Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы төрағасының бірінші орынбасары.
  15. Айгүл Әмірғалиева — Атырау облысы мәслихатының депутаты.
  16. Ислам Байрамуков — еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері.
  17. Ермұрат Бапи — қоғам қайраткері.
  18. Жанар Бимұратқызы — Қызылордадағы «Сыр жұлдыздары» академиясы директорының міндетін атқарушы.
  19. Уәлихан Болатбек — Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  20. Исидор Борчашвили — Астана халықаралық университетінің профессоры. 
  21. Лугмар Буларов — Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы.
  22. Рафаил Гаджибалаев — Қостанай облысындағы әзербайжандардың «Бірлік» бірлестігінің төрағасы.
  23. Гаджи Гаджиев — Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті.
  24. Белла Газдиева — Көкшетау университетінің профессоры.
  25. Андрей Гайдай — Марат Оспанов атындағы БҚМУ доценті.
  26. Сатыбалды Дәулеталин — Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
  27. Қазыбек Дәуталиев — Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  28. Наталья Дементьева — «Аналар мектебі» қоғамдық қорының мүшесі.
  29. Увайс Джанаев — «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы.
  30. Сырым Ертаев — Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  31. Нұржан Жақыпов — Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  32. Жұмабек Жанықұлов — «PARYZ» жұмыс берушілер конфедерациясы төралқасының төрағасы.
  33. Еділ Жаңбыршин — қоғам қайраткері.
  34. Қырмызы Жаңбыршина — Қостанай облысы мәслихатының депутаты.
  35. Фарида Жүнісова — Жамбыл облысы мәслихатының депутаты.
  36. Мейрамбек Жұмашев — Қызылорда облысы мәслихатының депутаты.
  37. Нұртөре Жүсіп — «Қазақстанның Медиа Альянсы» жетекшісі.
  38. Бекмұрат Жүсіпов — Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  39. Табиғат Зейнұлқабден — Астана қаласы мәслихатының төрағасы.
  40. Геннадий Зенченко — Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және Компания» бас директоры. 
  41. Әбдез Иманқұлов — Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  42. Әйгерім Исбекова — Қарағандыдағы «Кәусар» оқушылар сарайының директоры.
  43. Акбаржон Исмаилов — Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігінің төрағасы.
  44. Абдулла Исматуллаев — «Дустлик» қауымдастығының төрағасы.
  45. Алина Кан — «Alash» тіл үйрету клубының негізін қалаушы.
  46. Станислав Канкуров — «Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалының жетекшісі.
  47. Рауан Кенжеханұлы — «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» президенті.
  48. Қайрат Кереев — Жетісу облысы мәслихатының депутаты.
  49. Вера Ким — Ұлттық волонтерлік желінің төрағасы.
  50. Алтынай Көбеева — «Ақпараттық-ресурстық орталық» қорының Алматыдағы басшысы.
  51. Ерқанат Көпжасарұлы — журналист.
  52. Александр Куприенко — Қарағанды облысы мәслихатының депутаты.
  53. Төлеген Күнәділов — Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  54. Диляра Қайдарова — ҚазҰМУ бірінші проректоры.
  55. Ләззат Қалтаева — «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрағасы.
  56. Мерей Қарт — Абай облысы мәслихатының депутаты.
  57. Әділхан Қопабаев — Apple компаниясының Орталық Азия мен Армения бойынша мемлекеттік органдармен байланыс және саясат бөлімінің басшысы.
  58. Шолпан Қоспаева — Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  59. Назарбек Қосшиев — «Атырау» газетінің бас редакторы.
  60. Сағынғазы Құрманалин — Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы. 
  61. Әсел Құсметова — Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  62. Әсет Қыдырманов — Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  63. Сәуле Қисықова — Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы директорының кеңесшісі.
  64. Андрей Лаврентьев — Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшесі.
  65. Дмитрий Лактюшин — Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктері қауымдастығы төрағасының орынбасары.
  66. Вячеслав Локшин — Ұлттық ғылым академиясының академигі.
  67. Андрей Лукин — қоғам қайраткері.
  68. Тұрсынбек Мақышев — Қазақстанның Еңбек Ері.
  69. Алёна Малькова-Солопова — Құрылыс-технологиялық колледжінің оқытушысы.
  70. Мұрат Маткенов — Ұлытау облысы мәслихатының депутаты.
  71. Сәуле Мәлікова — Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  72. Юрий Мельниченко — Олимпиада чемпионы, Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті.
  73. Наринэ Микаелян — «Наири» армян этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.
  74. Бағдат Мусин — «Қазақтелеком» басқарма төрағасы.
  75. Манат Мусин — Ақмола облысы мәслихатының депутаты.
  76. Мұрат Мұқаев — Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы.
  77. Роза Мұқанова — жазушы, драматург.
  78. Евгений Мухамеджанов — «ECO Network» жобасының негізін қалаушы.
  79. Арман Мұсабеков — Павлодар облысы мәслихатының депутаты.
  80. Найла Мұхтарова — «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 
  81. Жанұзақ Мусапиров — Көркем сурет академиясының вице-президенті.
  82. Шахмұрат Мүтәліп — Қазақстан бокс федерациясының президенті.
  83. Мәди Мырзағараев — Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.
  84. Камалжан Надыров — Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығының жетекшісі.
  85. Ерлан Нысанбаев — мемлекет қайраткері.
  86. Абдулкарим Огузхан — Алматыдағы түрікмен этномәдени бірлестігінің төрағасы.
  87. Бауыржан Омаров — Президент кеңесшісі, Ұлттық ғылым академиясының академигі.
  88. Нұрсұлтан Орынбасаров — Алматы облысы мәслихатының депутаты.
  89. Думан Орынбеков — Шәкәрім университетінің ректоры.
  90. Кирилл Осин — «ЭкоМаңғыстау» мекемесінің директоры.
  91. Дмитрий Останькович — «Родны кут» беларусь бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.
  92. Ардақ Оторбаев — Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  93. Мейіржан Отыншиев — Алматы қаласы мәслихатының төрағасы.
  94. Дмитрий Павленко — Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжінің директоры.
  95. Борис Поломарчук — Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  96. Вера Правдина — Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы.
  97. Ботагөз Рақышева — «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры.
  98. Бағдат Рахметулина — Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  99. Денис Рыпаков — Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы.
  100. Нұртай Сабильянов — қоғам қайраткері. 
  101. Айгүл Сәдуақасова — Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры.
  102. Алмас Сәлімов — Түркістан облысы мәслихатының депутаты.
  103. Әйгерім Серікжанова — Креативті индустрияларды дамыту қорының ЖИ зертханасының басшысы.
  104. Ирина Соловьёва — Достоевский әдеби-мемориалдық музейінің директоры.
  105. Ольга Спирина — «Қазақша Speaking Club» жобасының авторы, тележүргізуші.
  106. Лилия Стадникова — Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы.
  107. Дурвудхан Сураган — Ұлттық ғылым академиясының академигі.
  108. Гүлқасима Сүйінтаева — Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы.
  109. Олжас Сүлеймен — «Qazaqstan Team» жастар бірлестігінің жетекшісі.
  110. Василий Тахтай — «Дала қырандары» жастар бірлестігінің үйлестірушісі.
  111. Манас Ташыбеков — Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.
  112. Виталий Тварионас — «Lituanica» этномәдени бірлестігінің төрағасы.
  113. Юрий Тимощенко — «Украиндар радасы» бірлестігінің төрағасы.
  114. Роман Төреханов — Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті.
  115. Ақнұр Тұрдалиева — «Жас Ұлан» ұйымының төрағасы.
  116. Руфина Усанова — «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары.
  117. Нұргүл Ұлжекова — Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы.
  118. Виталий Хмелевский — Қазақстандағы поляктар одағының төрағасы.
  119. Александра Цхай — Қазақстандағы корейлер қауымдастығы төрағасының орынбасары.
  120. Имамзада Шағыртаев — Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» директоры.
  121. Нәзипа Шанаи — республикалық Аналар кеңесінің төрағасы.
  122. Геннадий Шиповских — «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
  123. Ләззат Шыңғысбаева — «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы.
  124. Жұлдызай Ысқақова — Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы.
  125. Ирина Эктова — Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты.
  126. Әлия Юсупова — Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясының президенті. 

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: