Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ештеңе істемеу үшін міндетті түрде…

08.11.2020, 17:00 529

HALYQLINE.KZ Биік ағаштың бұтағында ештеңе істемей ерігіп отырған қарғаға көзі түскен кішкентай көжек қызығып кетіп:

– Маған да осылай ештеңе істемей отыруға бола ма? – деп сұрапты.

– Отырғың келсе, отыра бер, оны менен несін сұрайсың? – депті қарға бір есінеп алып.

Көжек тура сол ағаштың түбіне отыра кетіпті. Сәлден соң маужырап, қалғи бастапты. Сөйтіп отырғанда түлкі келіпті де, көжекті бас сап ұстап, жеп қойыпты.

Бұдан шығатын қорытынды: ештеңе істемеу үшін міндетті түрде өте биікте отыру керек!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: