Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдың сапасы басты назарда болуы қажет

10.11.2023, 11:55 134

HALYQLINE.KZ

Биыл Қазалы қаласындағы 15 көшенің қайта жаңғырту жұмыстарына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала ішіндегі 12 көшеге қара шебін, 7 көшеге асфальт қабаты төселді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласындағы І.Жансүгіров пен Қазалы көшелеріндегі асфальт төсеу жұмыстарын көрді. Жол жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-нің жауапты қызметкеріне алдағы уақытта күн райының қолайсыздығына байланысты жұмыс қарқынын күшейтіп, екі ауысымда жұмыс жасау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар жұмыстың ең бастысы сапасына аса мән беру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, алдағы уақытта қала ішіндегі Мұратбаев пен Қожаназаров көшелері толықтай асфальтталып, арнайы жол белгілері орнатылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: