Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

02.05.2025, 15:55 86

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланып, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берілді, деп жазады баспасөз қызметі.

«Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу. Былтыр жөндеуден өткен жолдардан анықталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіріп, қаржының толық игерілуін қамтамасыз етіңіздер. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жобалардың мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3545 шақырым болса, оның 1024,5 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965,5 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Өткен жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 44 млрд 703 млн теңге қаржы бөлініп, 300 шақырымнан астам автомобиль жолы, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілді.

Биыл 33 млрд 602 млн теңге бөлініп, 329 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеу жоспарланған.

Өткен жылдың соңында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 92,5% болса, биыл бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: