Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда 30 МВт күн электр станциясы салынуда

20.07.2026, 11:55 81

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Жаңақорған кентінде қуаты 30 МВт күн электр станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. «VIGOR Holding» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба – өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық бастамалардың бірі. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жоба аясында 50 гектарға жуық аумақта заманауи күн электр станциясы салынуда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Күн электр станциясының іске қосылуы өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға, инвестиция тартуға және ауданның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жоба ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инвестициялық жобалардың бірі саналады.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырып, жауапты тұлғаларға жоба жетекшілігімен өзара үйлесімді жұмыс жүргізуді міндеттеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: