Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа мұнай қорын іздеуге 600 млрд теңге жұмсалды

19.09.2026, 10:50 42

Қазақстанда соңғы бес жылда мұнай-газ саласындағы геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 600 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. 

Геологиялық барлау жұмыстары жаңа мұнай және газ қорларын анықтап, елдің ресурстық базасын толықтыруға бағытталған.

Министрліктің мәліметінше, жер қойнауын пайдалануға арналған барлау келісімшарттары алты жылға жасалады. Осы мерзім ішінде инвесторлар келісімшартта белгіленген зерттеу жұмыстарын жүргізуге міндетті. 

Қазір жаңа кен орындарын іздеу бұрынғыдан күрделі аумақтарға ойысып келеді. Негізгі назар терең жатқан қабаттарға, тұзасты құрылымдарға және әлі толық зерттелмеген территорияларға аударылған. Мұндай жерлердегі барлау жұмыстары көбірек қаржы мен күрделі технологияны талап етеді. 

2026–2030 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасына әртүрлі зерттеу кезеңіндегі 23 жоба енгізілген. Министрлік негізгі әлеуетті Каспий маңы бассейнінің тұзасты қабаттарымен, терең жатқан және палеозой кешендерімен, сондай-ақ аз зерттелген аумақтармен байланыстырып отыр. 

Алдағы жылдары жаңа мұнай-газ қорларын табуда осы 23 жобаның нәтижесі маңызды болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: