Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта 6 ірі жоба жұмысын бастамақ

01.04.2021, 14:30 329

HALYQLINE.KZ Биыл Жалағаш ауданында 6 ірі жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады. Нәтижесінде күріш сабанынан целлюлоза, асфальт-бетон және қыш өндіру зауыттары, сүт өнімдерін өңдеу цехы, жылыжай кешені, балабақша мен сауда орталықтары ашылады. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Өткен жылы ауданда 9,9 млрд теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімі өндірілді. Ал мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында 174 жобаға 4,9 млрд теңгеге қаржы бөлінді. 378 адам жұмыспен қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: