Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақыңызды ерте алғыңыз келсе, мынаны оқыңыз

23.07.2026, 10:15 65

Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу туралы ойлаған қазақстандықтар асығыс шешім қабылдамауы керек. Мамандар мұндай келісімшартқа қол қоймас бұрын төлем көлемін, сақтандыру компаниясының шарттарын және болашақтағы тәуекелдерді мұқият саралауға кеңес береді, деп хабарлайды halyqline.kz

Зейнетақы аннуитеті – азаматқа зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы тұрақты төлем алуға мүмкіндік беретін қаржы құралы. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтың жеткілікті бөлігін өмірді сақтандыру компаниясына аудару қажет. Кейін төлемді БЖЗҚ емес, дәл сол сақтандыру компаниясы жүргізеді. 

Мамандардың айтуынша, аннуитеттің артықшылықтарымен қатар ескеретін тұстары да бар.

«Аннуитет сатып алмас бұрын төлемнің мөлшеріне ғана емес, сақтандыру компаниясы ұсынатын барлық шартқа мұқият назар аудару қажет. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін зейнетақы жинағы сақтандыру компаниясына аударылады және бұл шешімнің құқықтық салдары бар», – дейді мамандар. 

Сарапшылар ең алдымен бірнеше сақтандыру компаниясының ұсынысын салыстыруға кеңес береді. Өйткені ай сайынғы төлем көлемі, индексация тәртібі, мұрагерлікке қатысты талаптар және қосымша мүмкіндіктер әр ұйымда әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан тек жоғары төлемге қызығып емес, келісімнің барлық тармағын оқып шыққан жөн. 

Тағы бір маңызды жайт – аннуитет рәсімдеу үшін БЖЗҚ-дағы жинақ белгіленген жеткіліктілік деңгейінен төмен болмауы тиіс. Бұл талап жыл сайын қайта есептеледі және азаматтың жасына қарай өзгереді. 

Қаржы мамандары зейнетақы аннуитеті бәріне бірдей тиімді шешім емес екенін айтады. Сондықтан келісімшартқа қол қоймас бұрын өзінің қаржылық жағдайын, болашақ табысын және отбасының мүддесін жан-жақты саралап алған дұрыс. 

Коллаж: Казинформ, Канва

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: