Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Залал келген нысандар қалпына келтіріледі

14.01.2022, 9:40 43 0

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтағы террорлық актіден зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жиналыс өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкімі, салалық басқарма мен құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы жиын барысында залал келген нысандарды қалпына келтіру мәселелерін шешуге жедел кірісу қажет деп ескертті. Сондай-ақ, ғимаратқа жасалған әрбір жұмыс сапалы әрі бұрынғы қалпынан кем болмауы тиіс екенін жеткізді. 

«Зардап шеккен әкімшілік ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу қажет. Сондықтан, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы айқындалған жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен бірлесіп, тиісті шараларды қолға алыңыздар», – деді облыс әкімі.

Жиында облыс әкімі террорлық әрекет салдарынан ғимараттары зардап шеккен Ішкі істер органдары, облыс әкімінің аппараты және Қызылорда қаласының әкімдігінемердігерлік ұйымдармен шарт жасасу жөніндегі жұмысты жүргізіп, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастауын тапсырды. Ал Соттар әкімшісінің және «Nur Otan» партиясының ғимараттарын жөндеу жөнінде келісімшарттар жасауды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына жүктеді.

Айта кетейік, шығынды есептейтін арнайы комиссия нысандар бойынша 6 млрд теңге шамасында залал келгенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: