Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вице-министр: 42500-ге қатысты сауалдардың бәріне жауап бере алмаймын

26.04.2020, 17:16 459

HALYQLINE.KZ –|  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты әлеуметтік желілерде атына түскен сауалдардың барлығына бірдей неліктен жауап бере алмайтындығын түсіндірді.

– Маған ашу-ызамен неге жауап бермейсің деп жазып жатады. Осыны түсіндіргім келеді. Мен басқа мәселеге (цифрландыру) жетекшілік жасасам да 42 500 теңгеге қатысты өте көп сұрақ түседі. Оларды шешу қажеттігін түсінгендіктен жауаптарын бейінді бөлімшелерден сұрап, одан кейін жіберемін. Instagram-да тәулігіне 500, ал Facebook-те 200-300 хабарлама аламын. Бұл жазбаның астына қалдырылатын шамамен 1-2 мың пікірді қоспағанда. Оның барлығына жауап беру мүмкін емес. Күнделікті мүмкіндігімше жауап беремін. Бірақ, сұрақтар әлдеқайда көп түсетіндіктен үлгермеймін. Сондықтан әлі жауап бермегендерім түсіністік танытса екен. Көптеген сұрақтар қайталанады. Барлығы да олардың жағдайларын жеке алып қарастыруды талап етеді. Егер әрбір жағдайды жеке алып қарасам, онда маған жүйелі мәселелерді шешумен мүлдем айналыспауға тура келетіндігін түсінулеріңізді өтінемін. Сол себепті сауалдардың басым бөлігін қамтитын жазба жазып жүрмін. Сауал қоймастан бұрын оларды оқып алуларыңызды өтінемін, – деп жазды вице-министр Instagram парақшасында.

Оның атап өтуінше, жазбаларына қалдырылған сауалдарға Еңбек министрлігіндегі әріптестеріне жауап беруді өтінген. Ал өзі жеке келген сауалдарға жауап беруге тырысып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: