Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте осы және қосымша мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Аймақ басшысы «Қызылорда электр тарату тораптары», «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемелеріне электр, жылу, ауызсу және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарын ұлттық жоба аясында сапалы әрі уақытылы ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу департаментіне жобаларды коммуналдық кәсіпорындардың тарифтік сметасына енгізуді жеделдетуді міндеттеді.
Тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету – негізгі басымдықтардың бірі. Сондықтан жауапты мекемелер жұмысты үйлесімді әрі тиімді ұйымдастыруы керек.
Биыл электр энергиясымен, жылумен қамтудың, ауызсу және су бұру желілерін жаңғыртудың 20 жобасы несие қаражатын тартпай, бюджет есебінен жүзеге асырылуда, 12 млрд теңгеге 5 жоба жоспарланған.
Өңірде коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылым нысандары жоспар бойынша жаңғыртылуда.
Бүгінде электр желілері мен қондырғыларының 60 пайызы, жылу желілерінің – 40, сумен жабдықтау желілерінің – 15,8, ал су бұру желілерінің 16,9 пайызы тозған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!