Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық қорды сарқуға болмайды

01.09.2026, 8:45 24

HALYQLINE.KZ

«Мәселен, Норвегия мемлекетінің бізге ұқсаған қорындағы қаражат 1,4 трлн доллардан асып кетті. Сол Норвегияның үкіметі «қордағы қаражатты бай елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салып қойып отырамыз ба, одан да керегімізге жұмсайық» деп айтпайды. Бұл елдегі үкіметтің аузынан «соншама қаражатты ауыл шаруашылығын жетілдіруге, жылыжай өндірісін дамытуға, тағы басқа салаларды дамытуға ұстайық» деген бір ауыз сөз шықпайды. Норвегия – өзінің олигархтарынан аямай 30-35 пайыз жеке табыс салығын ұстап, экономикасын дамытып, сол арқылы әлеуметтік бағдарламаларын орындап отырған ел. Ал біздің олигархтар мұндай салық төлеуден басын алып қашады. Негізінде Ұлттық қорды президенттің өзі 2029 жылға дейін 100 млрд-қа жеткізу туралы үкіметке тапсырма берген. Енді үкімет «президенттің аузынан шықты» деп, Ұлттық қор қаржысын одан әрі жұмсай беруге даяр отырған тәрізді. Турасын айтқанда, Ұлттық қорды жүмсап жіберу дұрыс емес. Күнде тапқанын күнде жеп тастайтын, алды-артын ойламайтын адамдар болады. Сол тәрізді Ұлттық қорды жұмсап тастасақ, түбі тесік шелекке айналамыз. Сондықтан үкімет ең бірінші – өзінің шығындарын азайтып, қорды болашақ ұрпаққа сақтауға міндетті. Ал қорды болашақ ұрпаққа сақтау үшін қордағы қаражатты бай, өркендеген мемлекеттердің ең құнды, бағасы түспейтін мемлекеттік облигацияларына салу арқылы ғана сақтауға болады. Қаржыны сақтайтын басқа амал жоқ. Осыны ұмытпау керек».

Сапарбай  ЖОБАЕВ,

экономист.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Фото: abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: