Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тиындардың шетінде неге жиек бар?

15.11.2021, 10:00 499

HALYQLINE.KZ

Қарашаның 15-і – тәу еткен тәуелсіздігіміздің төл нышаны деуге тұратын ұлттық валютамыз – теңге күні. Биыл тәуелсіз ел атанғанымызға – 30, ал ұлттық ақшамыздың шығарылғаны 28 жыл толып отыр. Бұл күні ел бюджетінің бүйірін томпайтуға қомақты үлес қосып жүрген қаржы қызметкерлері төл мерекесін атап өтеді.

Енді мына бір қызықты дерекке тоқтайық. Қазір көптеген тиындардың шетінде қырлы жиек бар. Неге? Себебі, бұрын тиындар алтын мен күмістен жасалған кезде, адамдар металдың шетінен кішкентай кесек сындырып алып, оларды балқытып, қайтадан тиын жасайтын болған. Тиынның жиегіне қарап, оның сындырылғанын оңай анықтауға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: