Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теңгеге – 30 жыл: Банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды

15.11.2023, 11:45 396

HALYQLINE.KZ

Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды.

Қазақстан Ұлттық банкінің банкноталар мен монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері Санжар Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа банктонттар «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

«Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады», – деді ол.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: