Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға бір жылда қанша миллиард теңге инвестиция тартылды?

21.12.2022, 14:15 101

HALYQLINE.KZ Әрбір инвестиция жаңа мүмкіндік көзі. Оның игілігін ең әуелі халық көреді. Биыл Қызылорда облысы өңірге инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.

– Мемлекет басшысының қолдауы негізінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімізде оң өсім қалыптасты. Биылғы жылы облысқа 373,5 млрд. теңге инвестиция тарту межесі бекітілген болатын. Жоспарға қол жеткізу үшін қала, аудан әкімдіктеріне меже бекітілді, арнайы Жол картасы әзірленді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 94 пайызға орындалып, өңірге 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, – деді облыс әкімі.

Инвестиция көрсеткіші осы жылдың 11 айында 31,3 пайызға өсті. Индустриялық жобалар, мұнай-газ және уран компанияларында іске асырылған жобалар есебінен өнеркәсіп саласына тартылған инвестиция үлесі – 41 пайызды құраған.

Алдағы 5 жылдықта өңірде инвестиция көлемі 613 млрд.теңгені құрайтын 37 индустриялық жобаны іске асыру міндеті тұр.

– Биылғы жылы түрік инвесторларымен белсенді жұмыс басталды. Түріктің «Акса энерджи» компаниясымен келер жылы жаңа жылу электр орталығының құрылысын бастау жоспарлануда. Құны 215 млрд.теңгеден асатын жоба 2025 жылы ел игілігіне табысталады. Облыс әкімінің айтуынша, өңірлік даму институты ретінде инвестициялар тартуды жандандыру, отандық және шетелдік инвесторларды қолдау мақсатында «Байқоңыр» корпорациясының қызметін трансформациялау жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында корпорацияның қызметі бірден бірнеше бағытта күшейтілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: