Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 22 мұнай компаниясы жұмыс істейді

04.09.2020, 17:20 643

HALYQLINE.KZ Өңірде 22 мұнай компаниясы жұмыс істейді, оның 11-і өндірумен, ал қалған 11-і барлаумен айналысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

Бүгінде кен өндіру өнеркәсібінің ішінде шикі мұнайдың үлесі 84 пайызды құрайды. Жалпы өңірлік өнімнің 37 пайызы және өңірдегі барлық өнеркәсіп өндірісінің 70 пайыздан астамы мұнай өндіріп, экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама әсер етуде. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Шу-Сарысу, Оңтүстік Торғай және Сырдария бассейндерін геологиялық зерделеу көзделіп, жұмыстар жүргізілуде.

«Пандемия кезінде мұнай-газ кен орындарында өндірісті тоқтатуға жол бермеу мақсатында, тиісті шешімдер қабылданып, нәтижесінде қызметкерлердің 15 күндік вахталық мерзімі 28 күнге ұзартылды. Басқарма тарапынан вахталық аусымға мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, кен орындары мен кеніштерде қосымша медициналық эвакуация жағдайлары үшін медициналық персонал және кезекші жедел жәрдем машинасымен қамтамасыздандырылды», – деді Ринат Қалдыбекұлы.

Брифингте өңірдегі мұнай өндіретін ірі екі кәсіпорынның жұмысы туралы баяндалды.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында 1600 адам жұмыс істейді, оның 30-ы – шетел азаматы. Бүгінде 504,7 мың мұнай өндірілсе, жыл соңынан дейін белгіленген межеге жету үшін жұмыстар жүргізілетін болады», – деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев.

«Қазгермұнай» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 760 адам қызмет атқарады, оның ішінде 10-ы – шетел азаматы. Биылғы жылға мұнай өндіру көлемі 1,5 миллион тонна болатын, қазір жоспардан тыс 17 мың тонна артығымен өндірілді. Және қала тұрғындарына қажетті газбен де қамтамасыз етіп отырмыз», – деді «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы.

Сондай-ақ, мұнай өндіретін екі кәсіпорында пандемия кезінде жұмыс істеген қызметкерлерге екі есе үстемақы беріп, уақытылы еңбекақыларын төлеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: