Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Инвестиция тартудың игілігін көріп келеді

14.11.2022, 17:50 274

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

Осы ретте, республика бойынша 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияның үлесін 25%-ға жеткізу міндеті қойылған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметімен алдағы 5 жылдыққа (2022-2026 жж.) арналған «Негізгі капиталға тартылған инвестиция» көрсеткішінің жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес биылғы жылы облысқа 373,5 млрд. теңге инвестиция тарту қажет. Бекітілген жоспарға қол жеткізу үшін биылғы жылы 19 шілдеде облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген Алқа отырысында қала/аудан әкімдіктеріне белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің үлесіне сәйкес меже бекітілді.

Ағымдағы жылдың 10 айында өңірге 290,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, көрсеткіштің өсімі 25% құрады. Жоспарлы көрсеткіш 77,8%-ға орындалды.

Есепті кезеңде барлық аудандар мен Қызылорда қаласында оң көрсеткішке қол жеткізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштің ең жоғары өсімі – Сырдария (167,9%), Жаңақорған (163,3%), Шиелі (141,8%) және Қазалы (124,2%) аудандарында байқалды.

Өсім негізінен өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және жинақтау салаларына, қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, өнер, ойын-сауық, демалыс және басқа салаларда қамтылып отыр.

Инвестиция көрсеткішінің оң нәтижесіне қол жеткізу үшін облыста қолайлы климат қалыптасқан және облыс әкімдігінің тарапынан инвестиция тарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылдан бастап  түрік компанияларымен бірлескен жобалар жандана бастады. Биылғы жылы қыркүйек айында инвестиция саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С.Қожаниязов Түркия еліне іс-сапары барысында бір топ түрік инвесторларымен кездесу өткізді. Атап айтқанда:

1. Қуаттылығы жылына 28 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы

«Tat Gida» компаниясының басшылығымен өңірде «Қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу» мәселесі талқыланды. Кездесу нәтижесімен шетелдік инвесторлар қыркүйек айында өңірге іс-сапармен келіп, зауыт орналасатын және томат егілетін жер телімдерімен танысты. Келер жылы зауыт құрылысын бастау жоспарлануда.

Атап өту қажет,  биылғы жылы «Таt» компаниясымен бірлесіп, 10 гектар жерге тәжірибелік қызанақ егілді. Зауыт құрылысы үшін 30 гектер жер телімі табысталды. Жоба бастамашысы қажетті инфрақұрылым жеткізу мақсатында жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісті.

Биылғы жылдың тамыз айында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, «KOC Holding» түрік компаниясы мен қазақстандық инвестор арасында арнайы Жол картасы бекітілді.

2. «Қуаттылығы жылына 240 МВт жылу электр орталығының құрылысы» жобасы

«Акса энерджи» компаниясы басшылығымен кездесіп, облыс орталығында жылу-электр орталығын салу жобасының кейбір мәселелері пысықталды.

Келер жылы компания қуаттылығы 240 МВт болатын жылу электр орталығының құрылысын бастайды. Құны 215 млрд. теңгені құрайтын жылу электр орталығының капсула салу рәсімі 7 қыркүйекте түрік инвесторларының қатысуымен Қызылорда қаласында өткізілді.

3. Қағаз қаптар өндірісі жобасы

«Kazakh Invest» АҚ-мен бірлесіп түркиялық «Isiklar Holding» компаниясына аталған жобаны облыс аумағында жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымы жеткізілген бос тұрған өндірістік ғимараттар ұсынылды. Нәтижесінде, биылғы жылдың қыркүйек айында түркиялық «Isiklar Holding» компаниясының бас директоры Ока Хусейн облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетовпен кездесіп, өңірде қағаз қораптар шығару жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Аталған компания Түркияда қағаз қораптарды өндірумен айналысатын, жылдық айналымы 250 млн. АҚШ долларды құрайтын ірі компания болып табылады. Кездесу аясында түркиялық инвесторға өңірдің инвестициялық әлеуеті және жобаны орналастыру үшін бірнеше өндірістік объектілер таныстырылды.

4.   Гофрленген қағаз қораптар өндірісі жобасы

Түркиядағы гофрленген қағаз қораптардың ең ірі өндірушісі болып табылатын «Barem Ambalaj» компаниясына облыста бірлескен кәсіпорын ашу мәселесі ұсынылды.

Сондай-ақ, Түркияның «Milat Hali» компаниясының кілем өндірісіне инвестициялар салуға қатысты ұсынысы қарастырылып, жобаны орналастыру үшін бірнеше өндірістік нысандар тізімі мен сипаттамасы ұсынылды.

5. Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастық туралы

2022 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Сабер мырзаның облысқа іс-сапары болды.

Кездесу барысында Елші облыс әкімімен кездесіп, аймақтың инвестициялық әлеуетін, атап айтқанда, жүгері егу, жылыжай кешендерін салу, мал өсіру және ет өңдеу жобаларын жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылады.

6. «Жасыл сутегі өндірісі» жобасы

2022 жылғы 13 қазанда  облыс әкімі Н. Нәлібаевтың және облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың қабылдауында «Fortescue Future Industries» компаниясының өкілдері болды.

Аталған компания «жасыл энергетика» саласына инвестиция салуға ниетті австралиялық компания болып табылады. Кездесу барысында жаңартылатын энергия өндірісін, Қазақстандағы және өңірдегі жасыл өнеркәсіпті дамыту бойынша мәселелері талқыланды.

7. «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежай терминалы құрылысы» жобасы

«Қорқыт ата» әуежайының жолаушылар мен жүк ағымын одан әрі ұлғайту, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, сонымен қатар қазіргі замануи ғимараттың қажеттілігіне орай, облыс әкімдігімен Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын әуежайдың жаңа терминалын салу жөнінде шешім қабылданды.

Жеке инвестор – Болат Өтемұратовтың қоры әуежай терминалының жұмыс жобасын әзірленуде. Жобаның құны шамамен 25 млн АҚШ долларды құрайды. Әуежай құрылысы келер жылы басталып, 2024 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Жаңа әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

Облыс әкімдігі тарапынан бекітілген жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында іске асырылудағы, іске асырылатын жобаларға сүйемелдеу, бақылау орнату, туындаған мәселелерін шешу бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: