Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша бірінші орында келеді

11.10.2022, 16:00 233

HALYQLINE.KZ Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы мәселесі қаралды. Жиынға тиісті сала басшылары мен онлайн режимде өңір әкімдері қатысты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров есепті кезеңде республика экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрағанын баяндады. Салалар арасында ауыл шаруашылығы 6,9%-ға, ақпарат және байланыс 6,7%, құрылыс 5,1%, көлік және қоймалау 4,8%, өңдеу өнеркәсібі 4,6%, сауда 4,3% және тау-кен өнеркәсібі 0,1% оң динамиканы көрсетті. Министр өз баяндамасында Қызылорда облысы негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша жоғары өсім көрсеткенін атап өтті. Есепті кезеңде инвестиция тарту көлемі 24%-ға жоғарылаған өңіріміз республика бойынша көш басында.

«Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Қызылорда, Алматы және Ақмола облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында байқалуда», – деді Әлібек Қуаңтыров.

Есепті кезеңде өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 35,1%-ға, инвестиция тарту – 24,%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 3,5 %-ға және сауда көлемі – 2,3%-ға артты. Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі. Премьер-Министр шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтауды, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет тапсырмаларын орындау бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиын өткізіп, аймақта мұнай өндірісі азаю салдарынан төмендеген өнеркәсіп саласынан бөлек макроэкономикалық бойынша өсім қалыптасқанын атап өтті. Биыл 9 ай ішінде 3 млн.тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 191,8 мың тоннаға азайған. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,6 пайызды құрады. Жыл аяғына дейін облыстың ірі кәсіпорындарымен өндіріс көлемін арттыру межесі бар. Уран өңдеумен айналысатын «Байкен- У» ЖШС-і 15%-ға, ас тұзын өндіретін «Аралтұз» АҚ-ы 50%-ға және мұнай саласына қажетті полиэтиленді құбырлар шығаратын «КНК Кемикал» ЖШС-і – 60%-ға арттыру жоспарлануда.

Өңдеу саласын дамытуға бағытталған Индустрияландыру бағдарламасының 3-ші бесжылдығы аясында өңірде жалпы құны 654 млрд теңге болатын 46 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімі өндеу өнеркәсібі бойынша қала әкімі Асылбек Шәменовке кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен статистика департаментімен бірлесіп жыл қорытындысы бойынша межелі көрсеткіштерге жету үшін жұмыс жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі бойынша Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановқа да тиісті тапсырма берілді.

Жиын соңында аймақ басшысы қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына барлық индикаторлық көрсеткіштерді жоғары деңгейде ұстап тұруды және кәсіпкерлік нысандар ашу арқылы халық табысын көбейту, жаңа жобаларды дамытып, инвестиция тарту қарқынын әлі де күшейту қажет екенін алға тартып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: