Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Инвестиция тарту көлемі ұлғайды

13.12.2022, 16:25 163

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында биыл даму қарқынын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштің оң динамикасы қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста индустрияландыруды дамыту аясында 4 млрд теңгенің 5 жобасын іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі іске қосылды.

Нәтижесінде құрғақ құрылыс қоспасын шығаратын, күріш ақтайтын, балық ұнын өндіретін цех ашылды.

Ал жыл соңына дейін жылына 1500 тонна құс етін өндіретін «Қармақшы құс» құс фабрикасы мен «Тұрған-тамы» шаруа қожалығына қарайтын 324 тонна балық өңдейтін цехты іске қосу жоспарланған.

Есепті мерзімде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 29,5 пайызға өсті. Жалпы, сауда айналымы 2,3 пайызға артып, 555 млрд теңгеге жетті.

Оның ішінде бөлшек сауда көлемі 2 пайызға артып, 337,9 млрд. теңгені құрады. Көлік және қоймалау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға артып, 347,8 млрд теңгеге жетті.

Облыс экономикасына 350,7 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Оның 70 пайызы – жеке инвестиция.

Инвестиция тарту көлемі өткен жылдың деңгейінен 31,3 пайызға артық.

Тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен дамып жатыр. Биыл 604 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмысының көлемі 21,1 пайызға өсті.

Облыстық экономика және қаржы басқармасының мәліметінше, өңірлік экономика құрылымын әртараптандыру, шикізаттық емес секторды (өңдеу саласы) дамыту шаралары жалғасуда.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында облыс орталығында шыны зауыты іске қосылып, онда өнім өндірілуде. Алдағы уақытта 40 мың тонна шыны шығару жоспарда бар.

Негізгі міндет – өңір экономикасының өсуіне серпін беретін бұл өндірістің жобалық қуаттылыққа шығуын қамтамасыз ету (жылына 197 мың тонна).

Шыны өндірісіне қажетті компонент саналатын кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысын салу мәселесі қарастырылуда.

Өңдеу саласындағы ірі кәсіпорын – «Аралтұз» компаниясы жаңа 3 испан цехын қосып, еңбек өнімділігін екі есе арттырды.

«Индустрияландыру аясында өңірде жалпы құны 613,1 млрд теңге болатын 37 жобаны жүзеге асыру көзделген. Ауыл шаруашылығы саласында дәстүрлі күріш дақылын өсірумен қатар, ылғалды аз қажет ететін дақылдар егістігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ мал шаруашылығына жем-шөп қорын қалыптастыру үшін мал азықтық дақылдар (жоңышқа, сүрлем, жемдік асқабақ) егістігін ұлғайту жоспарланып отыр. Инфрақұрылым, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылуда. Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Коммуналдық шаруашылығы мәселелері кезең-кезеңмен шешіліп жатыр. Бүгінде өңір халқының 98% таза ауыз су пайдаланады. Алдағы жылы сумен қамтамасыз етудің 11 жобасын республикалық және облыстық бюджеттен жүзеге асырып, халықты ауыз сумен қамту деңгейін 99%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Халықтың 67%-ы табиғи газ тұтынуда, бұл дегеніміз – 4 қала, 19 ауылдық елді мекен. Жылдың аяғына дейін тағы 5 ауылдық елді мекен газға қосылмақ. Келер жылы 7 ауылдық елді мекен көгілдір газға қосылады. Ол облыста тұратын халықтың 72%-ын шамалайды», – деп атап өтті басқармадан.

Аймақта апаттық жағдайдағы, үш ауысыммен оқытатын мектептердің проблемасы кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.

Қазіргі таңда 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтылған. Оған қоса облыстағы балабақшалардың 73%-ы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс жасайды.

Халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Бүгінде жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 24, жүрек қан тамыр ауруларынан болатын өлім жітім 17,7, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 20, қатерлі ісіктен болатын өлім жітім 9,4%-ға төмендеді.

«Қызылорда облысы өңірлер арасында инвестициялардың өсу қарқыны бойынша бірінші орында тұр. Өйткені өңірдегі көрсеткіштің өсімі – 25%. Сыр өңірі құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша алдыңғы қатарда келеді. Барлық негізгі макро көрсеткіштер бойынша облыс өсім байқалған бестікке кірген. Бұл ретте орнықты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты күшейтіледі. Мұнай газ саласындағы жағдайды реттеу және жаңа мұнай кен орындарын анықтау мақсатында 2021 жылдан бері «Шу Сарысу», «Арал» шөгінді бассейндерінде геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстары аяқталады. Жұмыстың келесі кезеңін – «мұнай-газ өндіру әлеуетін бағалауды» барлау жүргізетін компаниялар атқарады», – деп атап өтті басқармадан.

Өңірде агроөнеркәсіп кешенінде төрт нысан және құрылыс индустриясында бір нысан пайда болады. Бес өндіріске салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 9 млрд теңге.

Биыл 5,2 млрд теңгеге құс фабрикасы ашылады. Кәсіпорында жылына 3,5 мың тонна құс етін шығару жолға қойылмақ. Мұнда 120 адамды еңбекпен қамту жоспарланған.

Келесі инвестордың құс фабрикасы 2 млрд теңге тұрады. Бұл нысанның қуаты – жылына 1,5 мың тонна өнім.

Облыста бірқатар индустриялық жобалар жүзеге асырылуда. Қызылорда жылу электр станциясының 50-60 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Бұл жылу желілерінің қатты тозуына алып келді. Ол ысыраптың артуына және сектор жұмысының тиімділігінің төмендеуіне әсер етті.

Нәтижесінде қуаты 240 мегаватт болатын заманауи жылу энергетикалық орталығын салу туралы шешім қабылданды.

Үкімет 2022-2025 жылдар аралығында оңтүстік өңірлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаты кемінде 1 мың мегаватт болатын бу-газ қондырғысын салу жөніндегі жобаларды іске асыруды тапсырды.

«Бұл жоба 2025 жылы пайдалануға беріледі. Ол – тек Қызылорда облысына ғана емес, жалпы Қазақстанға да тиімді жоба. Болашақта бұл нысан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жобаның құны – 215 миллиард теңге. Аталған жоба энергия тапшылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл елімізде тәуелсіздік жылдарында шетелдік инвесторлар есебінен жүзеге асырылатын ең ауқымды және бұрын-соңды болмаған жоба саналады. Бұдан басқа, биыл облыс бойынша 23 әлеуметтік нысанның жылыту қазандықтары қайта жаңартылады. Бұл жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттерден 676 миллион теңге бөлінді», – деп мәлім етті басқармадан.

Индустрияландыруды дамыту кезеңдерінде 2010-2021 жылдары жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске қосылды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2022-2026 жылдары құны 613,1 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,8 мың адамды жұмыспен қамтитын 37 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отыр.

Биыл «Нұр Орда Жолы» ЖШС-нің бетон зауыты іске қосылды. Оның құны – 87 млн теңге, Сондай-ақ, өңірде басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Соның ішінде агроөнеркәсіп саласында Жаңақорған ауданындағы «Қызылорда-Агроплюс» серіктестігінің томат пастасын өндіру жобасы бар.

Тау-кен металлургиясын дамыту мақсатында Қызылорда облысында «Шалқия» және «Баласауысқандық» кеніштерін игеру жобалары іске асып жатыр.

Өңірдегі өндіруші сектор облыстың барлық өнеркәсібінің шамамен 90%-ын құрайды. Жалпы мұнда 40-тан астам мұнай және мұнай-сервистік кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазіргі таңда тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 28 кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Атап айтқанда, мұнай өндірумен 11, уран өндірумен 4 компания жұмыс жаасйды.

Қалған компаниялар қатты пайдалы қазбаларды (темір, қорғасын, ванадий, түрлі түсті металдар) және кең таралған пайдалы қазбаларды (тұз, әк, кварц құмы, доломит, саздақ, құрылыс құмдары) өндіреді. Бүгінгі таңда бұл салада 8 500 адам жұмыс істейді.

Биылғы жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша металлургия саласында аталған кезеңде 55,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінде металлургия саласының үлесі 28,5%-ды құрайды.

Айта кетсек, уран шала тотығын қайта өңдеу жұмыстармен бір ғана кәсіпорын «Байкен-U» ЖШС айналысады.

Сонымен қатар «Байкен-U» ЖШС металлургия өнеркәсібінің құрылымында негізгі үлеске ие.

2016 жылдан бастап тау-кен металлургия саласында «Фирма-Балауса» ЖШС «Баласауысқандық» кен орнын игерумен айналысады.

«Баласауысқандық» ванадий кенішінен осы жылдык 10 айында барлығы 357,9 тонна аммоний метаваданаты Ұлыбритания, 57,4 тонна ферромолибден Ресейге экспортталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: